Ссылки доступа

Қарақалпақстан тұрғындары табиғи газды қайта қосуды талап етіп наразылық білдіріп жатыр


Қарақалпақстанның Нүкіс ауданы Шортонбай ауылының 70-тен астам тұрғыны газ беру тоқтатылғанына байланысты тас жолды жапты.

Аудан әкімі мен прокурор наразылыққа шыққандармен кездесті. Нәтижесінде оларға 116 тонна көмір жеткізілді.

Бірақ ауыл тұрғындары көмірдің сапасы төмен екенін айтып, табиғи газ жеткізуді талап етті.

Жергілікті билік өкілдері мәлімдегендей, ауылды газбен қамтамасыз етуші газ құбыры істен шыққан.

Бұл мәселеге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, баламалы энергересурстармен қамтамасыз ету мәселесі жүріп жатыр. 1541 отбасының ішінен жағдайы төмен 420 үйге бір жарым тоннадан көмір мен екі газ баллон және он арба отын тегін берілген.

Өзбекстанда қыс түсе электр энергиясы мен газ беру мәселесі жиі проблема болып жатады.

XS
SM
MD
LG