Ссылки доступа

Тбилиси: оппозиция жаңа наразылық акцияларын бастайтынын мәлімдеді


Грузияда полиция 28 қараша күні таңертең Тблисидегі парламент айналасында көшелерді бөгеттермен қоршап тастады. Оның алдында оппозиция бейсенбіде сайлау жүйесін өзгерту талабымен қайтадан наразылық акциясын өткізетінін жариялаған.

Грузияның премьер-министрі Георгий Гахария үкімет жиналысында азаматтарды елді тұрақсыздандыруға жол бермеуді талап етіп, барлық мемлекеттік қызметкерлерді кәдімгі режимде жұмыс істеуге шақырды.

Тбилисиде наразылық акциялары 14 қарашада басталған. Бұған парламентте 2020 жылға белгіленген сайлауды пропорционалдық жүйе бойынша өткізу жоспары қаралған заң жобасының қабылданбай қалуы себеп болған. Демонстранттар осыдан кейін парламент алдына шатыр тігіп, акция бастаған.

Грузияда қазір аралас сайлау жүйесі қолданылады. Парламенттегі 150 депутаттың 77-сі пропорционалдық, ал қалғаны мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Өлкеде кезекті парламент сайлауы келесі жылы өтуі тиіс.

Биыл жазда да Тбилисиде мыңдаған адам көшеге шығып сайлау жүйесін өзгертуді талап еткен. Онда халық пен полиция қақтығысып, 240 адам жарақат алған.

Чего требуют протестующие в Тбилиси
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:20 0:00

XS
SM
MD
LG