Ссылки доступа

СІМ: Қазақстан Ирак түрмесінде аналарының жанында болған 14 баланы эвакуациялады


Қазақстан Ирактан 14 баланы эвакуациялады деп хабарлады 28 қарашада Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Министрліктің айтуынша, Қазақстанға әкелінген балалардың аналары Ирак түрмелерінде қамауда отыр.

"Олардың аналары сотталып, террористік әрекетке қатысы болғаны үшін [Иракта] түрмеде жазасын өтеп жатыр. Аталған гуманитарлық акцияны балалардың аналары мен туған-туыстарының өтініші бойынша сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, қазақстандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен байланыса отырып жүзеге асырды" делінген министрлік хабарламасында.

СІМ хабарлауынша, "құжат мәселесі шешіліп, бейімдеу кезеңі аяқталғаннан кейін балалар туыстарының қарауына беріледі".

Сирияда қарулы қақтығыс басталғалы Қазақстанның сегіз жүзге жуық азаматы Сирия мен Ирак аумағына кетіп, сондағы террористік топтардың қатарына қосылғаны хабарланған.

Қазақстан биыл жаңа жылдан бастап "Жусан" операциясы аясында Сирия мен Ирак аумағындағы азаматтарын қайтара бастады. Әр операция сайын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, нақты санын көрсеткен. Алайда ҰҚК берген дерек пен "Жусан" операциясы бойынша қайтарылғандар туралы мәліметте айырма барын Азаттық бұған дейін жазған.

ҰКК-нің жауабына қарағанда, Сирия мен Ирактан Қазақстанға 277 ересек адам (57 ер адам, 220 әйел адам) және 547 кәмелет жасқа толмаған бала қайтарылған.

XS
SM
MD
LG