Ссылки доступа

Қырғызстанда Стамбұлдың бұрынғы бас консулы ұсталды


Қырғызстанның Түркияның Стамбұл қаласындағы бұрынғы бас консулы Эркин Сопоков ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов ол 28 қарашада тергеуге шақырылып, артынша қамауға алынғанын мәлімдеді.

10 қарашада кешкісін Стамбұлдың Фатих ауданындағы қонақ үйлердің біріндегі кафеде бизнесмен Айеркен Саймаитиді атып кетті. Ол Қырғызстаннан 700 млн доллардың қалай шығарылғанын зерттеуге қатысқан. Кәсіпкер алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Оның өліміне күдікті ретінде үш ер адам ұсталды. Олар айыптарын мойындаған.

Саймаити өлімінен кейін Қырғызстанның Стамбұлдағы бас консулы Эркин Сопоков қызметінен алынған. СІМ мәліметінше, оқиға болған жерден бұрынғы консулдың Range Rover көлігі табылған.

ҰҚМК Сопоковқа қатысты "қызметін асыра пайдаланды", "заңсыз байыды" деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу амалдары бойынша одан 200 мың доллар ақшалай табылып, 47,6 млн сомның жылжымайтын мүлкі анықталған.

XS
SM
MD
LG