Ссылки доступа

Түркімен президенті Өзбекстанға барып академик атағын алды


Түркіменстан және Өзбекстан президенттері Гурбангулы Бердімұхамедов пен Шавкат Мирзияев (мұрағат сурет)

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстан ғылымдар академиясының құрметті академигі атағын алды.

Түркіменстан мемлекеттік басылымдарының жазуынша, түркімен президентін марапаттау рәсімі 28 қарашада Ташкенттегі Kuksaroý резиденциясында болған.

"Мен мұны Түркіменстанға көрсетілген құрмет ретінде, біздің елдің ғылым және білім саласында жеткен жетістігін мойындау мен екі елдің терең достығының куәсі ретінде қабылдаймын", - деді президент Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Өзбекстан астанасына екі күндік жұмыс сапарымен барған. Онда екі ел басшысының жеке кездесуі өткен.

Кездесу барысында саяси, экономикалық мәселелер көтеріліп, Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтау үшін терроризммен бірлесіп күресудің маңызды екені атап өтілген.

XS
SM
MD
LG