Ссылки доступа

Тәжікстанда қажылыққа бара жатқан 30 адамды ұшақтан түсіріп тастады


Душанбе халықаралық әуежайында Меккеге кіші қажылыққа бара жатқан бір топ адамды ұшақтан түсіріп тастады.

Гиссар қаласының 63 жастағы тұрғыны Мархабо Давлатова 16 адаммен бірге Сауд Арабияға ұшқалы отырған жерінен рейстен түсіп қалған. "Біз ұшқалы отырғанда, қажылыққа жол көрсетіп бара жатқан адам кешікті. Кейін оның іс-әрекеттерінің заңсыз екенін айтып, бізді ұшақтан түсіріп тастады. Мен осы күнді төрт жыл күткен едім", - дейді ол.

Оның айтуынша, екі туысы тамыз айында құжат әзірлеп, ақша төлеген.

Тәжік билігі жалпы 30 адамға қажылыққа баруға рұқсат бермеген.

Дін істері комитетінің баспасөз хатшысы Афшин Муким қажылыққа барушыларды ертіп бара жатқан адамның арнайы рұқсаты болмағанын айтады. "Олар арнайы лицензия алып, салық төлемеген", - дейді ол.

Тәжікстанда әзірге "Ормон" және "Расул" деп аталатын екі туристік компанияның ғана адамдарды қажылыққа апара алатын рұқсаты бар екен.

Умраға бармақ болған адамдар лицензиясы жоқ компанияға 17 мың сомониден (1700 доллар) төлеген.

XS
SM
MD
LG