Ссылки доступа

Әзербайжанның билік партиясы парламентті таратуға шақырды


Әзербайжанның билеуші партиясы парламентті тарату жөнінде бастама көтеріп, "қазіргі құрам ел президенті Ильхам Әлиевтің жүргізіп отырған саясатына сәйкес келмейді" деп мәлімдеді.

28 қарашада өткізген баспасөз мәслихаты кезінде "Жаңа Әзербайжан" партиясының атқарушы хатшысы Али Ахмедов бұл қадам Әлиевтің реформа жасау саясатын қолдауға бағытталған деді. Оның сөзінше, мерзімінен бұрын өтуі тиіс сайлау заң шығару саласын модернизациялап, экономикалық реформалауды тездетуге көмектеседі.

Әзербайжан президенті парламентті таратып, сайлау мерзімін белгілеу құқығына ие. Парламент тарағаннан кейін сайлау үш ай ішінде өтуі тиіс. Парламентті тарату туралы мәселе 29 қарашада жалпы отырыста қаралмақ.

Бұл елде кезекті парламент сайлауы келесі жылдың қараша айында өтуі тиіс. 2015 жылда өткен сайлау нәтижесінде Ильхам Әлиев партиясы жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG