Ссылки доступа

Қырғызстан экс-президенті жақтастарының қамау мерзімі ұзартылды


Қырғызстан президенті аппаратының бұрынғы жетекшісі Фарид Ниязовты қамау мерзімі тағы екі айға созылды. Бұл жөнінде Бірінші май аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Фарид Ниязов және бұрынғы президенттің жақтастары Кыяз Смаилов пен Амантур Жамгырчиев тергеу абақтысында 2020 жылдың 9 ақпанына дейін отырады.

Олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Альфа" бөлімшесінің сарбаздарын кепілдікке алды деп күдікке ілінген. Дәл осындай күдікпен депутаттар Ирина Карамушкина мен Әсел Кодуранова үйқамақта отыр.

7-8 тамызда Кой-Таш ауылында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты мәжбүрлеп ұстау операциясы жүргізілген. Ол қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз бостандыққа шығару бойынша тергеуге шақырылған. Экс-президентті ұстау операциясы кезінде ондаған адам жараланып, арнайы қызметтің алты адамы 20 сағаттан астам кепілдікке алынған. ҰҚК қызметкері Усенбек Ниязбеков оқтан жараланып, көз жұмды.

Алмазбек Атамбаев қазір ҰҚК-нің тергеу абақтысында отыр. 15 қазанда алғашқы сот тыңдауы өтті. Бұрынғы президент сотқа барудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG