Ссылки доступа

Өзбекстанда сот блогер Оллашукурованы психиатриялық ауруханада қалдырды


27 қарашада Хорезм облысындағы азаматтық істер бойынша сот блогер Нафосат Оллашукурованы психиатриялық ауруханадан шығару туралы адвокат өтінішін қабылдамады.

"Сот үш дәрігерден тұратын комиссия қорытындысына сүйеніп шешім шығарды", - дейді адвокат.

Оның айтуынша, соттың Хорезм облыстық психоневрологиялық ауруханасында өткен көшпелі отырысында Нафосат Оллашукурованың өзі де қатысқан. Ол бұл шешіммен келіспейтінін, Жоғарғы сотқа шағымданатынын жеткізген.

Биыл қыркүйек айында Үргөнч қалалық әкімшілік соты блогерді "бейбастық жасады" және "рұқсат етілмеген акцияға" қатысты деп 10 күнге қамады. Кейін ол психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Блогер хорезмдік ақын, журналист Махмуд Ражабтың Ташкентке жаяу бару акциясын әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен.

XS
SM
MD
LG