Ссылки доступа

Тажикстанда ТВЕА компаниясына тиесілі кеніштердегі алтын қоры 64 тоннаға бағаланды


Қытайдың ТВЕА компаниясы иелік ететін Тәжікстанның Соғды облысындағы "Жогорку Кумарг" және "Чыгыш Дуоба" кендерінде 64 тонна алтын бар. Бұл туралы Тәжікстанның өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Бахтиёр Шарифи парламент отырысында мәлімдеді.

"Совет уақытында аталған кеніштерде 51,7 тонна алтын бар деп бағаланған. Соңғы зерттеуде алтын қоры шын мәнінде 64 тонна екені анықталды. Бірақ тағы іздеу нәтижесінде қор 100 тоннаға дейін жетуі мүмкін", - деді министр.

Оның сөзінше, ТВЕА жыл соңына дейін екі жарым тоннаға дейін алтын алуға ниеттеніп отыр.

2016 жылы ТВЕА компаниясы Душанбе қаласындағы 400 МВт қуатты Жылу электр орталығын салып біткен. Оған 349 миллион доллар жұмсалған. Бұл қаржының 331,5 миллионын Қытайдың Эксимбанкі берген.

Бұлар қытай инвесторларына берілген Тәжікстандағы жалғыз алтын кендері емес. Өлкедегі алтынның 80 проценті қытай-тәжік бірлескен компанияларына тиесілі.

XS
SM
MD
LG