Ссылки доступа

Таразда сауда орталығы өртенді


Kazakhstan - Map of Zhambyl Region.
Kazakhstan - Map of Zhambyl Region.

2 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында "Эврика" сауда орталығы өртенді.

Қазақстан ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің хабарлауынша, Сәтпаев көшесіндегі екі қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны туралы хабар түнгі сағат 01:10 кезінде түскен.

Өрт сөндіру қызметкерлері ол жерге ғимараттың үстіңгі қабатының ағаштан жасалған төбесі жанып жатқан кезде жеткен. "Өрт сағат 03:30 кезінде өшірілді. Адамдар зардап шекпеген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр" деп хабарлады Нұрахметов.

Төтенше қызмет өкілінің айтуынша, өрт аумағы 1187 шаршы метрді құраған.

XS
SM
MD
LG