Ссылки доступа

Өзбекстан ІІМ: президент жойған жол бекеттері уақытша ғана ашылды


Өзбекстанның ішкі істер министрлігі облыс шекараларындағы күзет бекеттерінің қайта пайда болуын уақытша қадам деп атады.

"Олар алдағы ірі саяси науқан - парламент сайлауы мен жергілікті кенеш сайлауы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қайта ашылды" делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Еске салайық, 2 желтоқсаннан бастап Хорезм, Сұрхандария және Әндіжан облыстарында жол инспекторлары күзет бекеттерінде автокөліктерді тексере бастаған.

Ферғана облысы әкімшілігінің бір қызметкерінің хабарлауынша, жол бойындағы бекеттерді ашудағы мақсат - "елдегі контрабанда тауарларын шектеу".

2017 жылы желтоқсанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев облыс шекараларындағы жол-күзет бекеттері еркіндікті шектейді деп мәлімдеген. Мемлекет басшысының осы мәлімдемесінен соң жол бойындағы бекеттер жойылған.

XS
SM
MD
LG