Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі "Азаттык" журналистерінің елде куәлік етуін сұрады


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті "Азаттык" журналистерінің тергеуге қатысу үшін елге келуін қалайды.

Арнайы қызмет таратқан мәлімдемеде "Азаттык" қызметкерлері Ыдырыс Исаков пен Әли Токтакунов сотқа дейінгі тергеу үшін куәлік ету керектігі айтылған.

"Шетелде жүрген азаматтаржың скайп немесе басқа да техникалық құрал-жабдықтың көмегімен тергелуіне болмайды. Сол себепті, "Азаттык Медиа" қызметкерлері Ыдырыс Исаков пен Әли Токтакуновтың ҰҚМК тергеу органына келуін сұраймыз" делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Әли Токтакунов "Азаттыктың" Прагадағы бас кеңсесінде жұмыс істейді. Исаков 2020 жылдың ақпанына дейін Прагада командировкада болады. "Азаттык Медиа" ұйымы тергеу органдарымен байланыс орнатуға әзір. Журналистер бейнебайланыс арқылы барлық сұрақтарға жауап береді, себебі олар қазір шетелде жүр.

Заң журналистерді скайп арқылы тергеуге рұқсат етеді. Медиа Полиси институтының заңгері Акмат Алагушев осылай деді.

2019 жылы мамырда "Азаттык" журналистік зерттеу жариялады. Онда ұйғыр кәсіпкері Айеркен Саймаити түрлі жолдармен Қырғызстаннан 700 млн доллар шетелге шығарғаны айтылды. Кәсіпкер қаражатты шетелге шығаруға Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың қатысы барын айтқан.

Матраимов тергеу сұрақтарына жауап беру үшін шетелден Қырғызстанға келуге дайын екенін мәлімдеді. Ол "Азаттык" материалында айтылған мәліметтерді жоққа шығарып отыр.

29 қарашада Матраимов арнайы қызметке тергеуге шақыртылды. Ол бес сағат бойы тергелді. Матраимов журналистер сауалдарына жауап беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG