Ссылки доступа

Қазақстанда жолдар бойына біреуі 60 мың доллар тұратын жүздеген дәретхана салынады (видео)


Жолдар бойына құны 60 мың доллар тұратын дәретхана салынады деген жаңалық әлеуметтік желі қолданушылардың наразылығын туғызды. "Қазавтожол" ұлттық компаниясы барлық аймаққа 304 дәретхана орнатпақ.

Ұлттық компания мәлімдеуінше, дәретхана инвесторлар есебінен салынады. Ал оны ұстап тұру мемлекет есебінен болмақ.

В Казахстане устанавливают придорожные туалеты стоимостью $60 тыс. каждый
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:46 0:00

"Дәретхана құрылысына мемлекеттен бір тиын да бөлінбейді. Бәрі инвестор есебінен. Біз мұны бес жыл бойы жоспарладық", – дейді "Қазавтожол" компаниясының басқарма басшысы Талғат Смағұлов.

Ал дәретхананы ұстап тұруға айына шамамен бір млн теңге жұмсалады екен. Инвесторларға байқау нәтижесінде дәретханаларға қызмет көрсететін компаниялар анықталмақ.

Әзірге заманауи дәретхана елдің солтүстік бөлігіне салынған. Ұлттық компания мәлімдеуінше, 2022 жылға дейін 304 дәретхана салынуы тиіс.

Қараша айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетауға барған сапарында қызмет көрсету деңгейін сынға алған.

XS
SM
MD
LG