Ссылки доступа

Хорезмде газ жоқтығына наразы әйелдер жолды жапты


9 желтоқсанда Өзбекстанның Хорезм облысы Шават ауданына қарасты Чигатой ауылында бір топ әйел аудан орталығына баратын жолды жапты.

Куәгерлердің айтуынша, ондаған әйел ауылдағы газ тапшылығына наразылығын осылай білдірген. Оларды ішкі істер органдарының қызметкерлері таратты.

Сол күні аудандық газ басқармасының шенеуніктері прокуратураға шақыртылды. Жергілікті билік наразылық акциясын жоққа шығарып отыр.

Оқиға 9 желтоқсанда таңертең болған. Әйелдер жол бойында қол ұстасып тұрған. Газдың тапшылығына наразы әйелдер жолдағы қозғалысты 3-4 сағат бөгеген.

Екі аптадан бері Өзбекстанның бірнеше өңірінде газ тапшылығына байланысты наразылық шаралары өтіп жатыр. 1 желтоқсанда Қарақалпақстанда Бустон ауылының тұрғындары жолды бірнеше сағат жапты. Сол күні Ферғана облысында "Баркамол" махалласының тұрғындары қала әкімшілігіне талаппен жиналды.

28 қарашада "Куштепа" махалласының халқы Әндіжан қаласына баратын жолды жапты.

Хабарларға қарағанда, Ташкенттен арнайы топ аймақтарда наразылықты басуға жіберілген.

XS
SM
MD
LG