ТАСС дереккөзінің мәліметі бойынша, апатқа тұман себеп болуы мүмкін. Тікұшақ әуеге көтерілген сәтте апатқа ұшыраған. Кореновск қаласындағы әскери аэродромға арнайы комиссия аттанды.
Ми-28Н «Ночной охотник» — Ресей, Ирак және Алжир қолданатын әскери тікұшақ. Экипаж екі адамнан тұрады — ұшқыш пен штурман-оператор. Тікұшаққа 30 миллиметрлі пушка орнатылған. Тікұшақ басқарылатын және басқарылмайтын зымыран таси алады. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл жолы тікұшақта қару-жарақ болмаған.