Ссылки доступа

Тәжікстанда Вахдат түрмесіндегі бүлікке қатысты сот үкімі шықты (видео)


Вахдат колониясы
Вахдат колониясы

Тәжікстан Жоғарғы соты биыл мамыр айында Вахдат түрмесінде болған бүлікке байланысты 30 сотталушыға үкім шығарды. Оларды терроризм, экстремизм және адам өлтіру баптары бойынша айыпты деп танып, 19 жылдан 29 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Сот ісі жабық өтті.

Мамыр айында Вахдат колониясында шыққан бүліктен 32 адам қайтыс болған: олардың 29-ы сотталушы, үшеуі түрме қызметкері болған. Бүлікті "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алды.

Тәжікстан әділет министрі түрмедегі жанжалды милицияның арнайы бөлімінің бұрынғы командирі, кейін Сирияға кетіп, "Ислам мемлекеті" тобына қосылған Гулмурод Халимовтың ұлы Бехруз бастағанын мәлімдеді. Ол 2017 жылы мамыр айында ұсталған.

Ресми мәлімет бойынша, бүлік шығарғандар түрмедегі медициналық бөлімді өртеген және бірнеше сотталушыны кепілдікке алып, өздерін түрмеден босатуды талап еткен.

Былтыр қараша айында Хожент қаласындағы түрмеде де бүлік шығып, жазасын өтеп жатқан 21 адам және екі түрме күзетшісі қаза тапқан.

Бунт в колонии в Таджикистане: 32 погибших
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:13 0:00

XS
SM
MD
LG