Ссылки доступа

Бағдадта наразы топ бір жасөспірімді сабап өлтірді


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Ирак астанасында наразылыққа шыққандар бейсенбі күні 16 жастағы жасөспірімді сабап өлтірді. Ол наразылыққа шыққандарға оқ атты делінген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жас жігіттің мәйітін бағанаға іліп қойған.

Интернетте тікелей эфирде көрсетілген видеода бір топ адам жасөспірімді ұрғаны, бұл кезде қауіпсіздік күштері тарап жатқаны бейнеленген. Олар жас жігіттің денесін бағдаршамға іліп қойған. Көптеген адам осы жерде селфи жасаған.

Акцияға қатысушылар Бағдадта наразы топ лагеріне шабуыл жасағандардың арасында болды дейді. Полицияның хабарлауынша, наразы топ жасөспірімнің осы маңдағы ата-анасының үйін өртеп жіберген.

Дегенмен кейін шеруге қатысушылар бұны жоққа шығарды.

Бағдад орталығындағы Тахрир алаңында белгісіз адамдар наразы топқа қарсы оқ атты. Алты адам қаза тапты деп хабарлады Sky News Arabia. АҚШ-тың Ирактағы елшілігі мен ЕО өкілдігі митингке қатысушыларға қарсы жасалған қастандықты сынады.

Өткен аптада Тахрир алаңына жиналған адамдарға қарулы топ шабуыл жасап, кем дегенде 50 адамды атып өлтірген. Одан соң күш құрылымдары бейбіт акцияға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете бастаған.

Тахрир алаңында екі айдан бері наразылық акциясы өтіп жатыр. Оған мыңдаған адам қатысты. Олар үкіметтің қайта жасақталуын талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG