Ссылки доступа

Матраимовтар адвокаты соттан БАҚ есебін бұғаттан босатуын сұрады


Матраимовтар отбасының заңгері Бішкектің Свердловск аудандық сотынан "Азаттык" радиосының, журналист Әли Токтакуновтың, Kloop.kg пен 24.kg басылымдарының банк есептерін бұғаттан босатуын сұрады.

Сот заңгердің бұл арызын 13 желтоқсанда қарайды. Өтініш қабылданған жағдайда, есеп-шоттар он күнде бұғаттан босауы тиіс.

Банк есептерін бұғаттан босату сот шағымын қайтарып алған дегенді білдірмейді. Матраимовтар өтемақы ретінде 60 млн сом талап еткен:

"Азаттык Медиа" мекемесінен - 22,5 млн сом;

журналист Әли Токтакуновтан – 10 млн сом;

"24.kg" ақпарат агенттігінен - 15 млн сом;

"Клооп Медиа" қоғамдық қорынан - 12,5 млн сом.

9 желтоқсанда Матраимовтар отбасы сотқа шағымданып, моральдық өтемақы талап етті. Келесі күні сот банк есептерін бұғаттаған.

Матраимовтар шағымы бойынша алдын ала сот отырысы 19 желтоқсанда өтеді. Істі судья Жылдыз Ибраимова қарайды.

XS
SM
MD
LG