Ссылки доступа

Тәжікстан әйелін қылқындырып өлтірді делінген күдіктіні Өзбекстанға бермеді


Лайло Гадойбоева.
Лайло Гадойбоева.

Тәжікстаның 36 жастағы тұрғыны Санжар Ахатов 27 жастағы әйелі, өзбек азаматы Лайло Гадойбоеваны қылқындырып өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Бұл мәліметті 10 желтоқсанда Соғды облысы сотының өкілі растады. Ол Ахатовты Өзбекстанға экстрадициялау мүмкін еместігін айтты.

– Біз оны Өзбекстанға бере алмаймыз, өйткені ол Тәжікстан азаматы. Ахатов ісі бойынша тергеуді облыстық прокуратура жүргізіп жатыр. Оны Тәжікстан заңдарымен соттайды, – деді сот өкілі.

Лайло Гадойбоеваны денесін 20 қазанда анасы тауып алған.

"Қызым Санжар Ахатовқа 20 ақпанда тұрмысқа шықты. Кейін қызым оның СПИД-пен ауыратынын білген. Қызым ажырасқысы келді. СПИД орталықта тексерілді. Ол ауру жұқтырмаған", - дейді марқұмның анасы Камила Гадойбоева.

Оның айтуынша, Санжар Ахатов әйелін бірнеше мәрте ұрған, қорқытқан. "5 қыркүйекте ол қызымды аусыз сабаған. Лайло милиция шақыртты. Инспектор Олим Шоджигитов келіп, оларға түсініктеме жаздырған".

Санжар Ахатов "әйелін ұрмауға сөз беріп", сол күні босап шыққан. Бірақ 20 қыркүйекте Ахатова әйеліне тағы қол көтеріп, бұл жолы Лайлоның мұрнын сындырған. Лайло Янгиер қалалық ішкі істер басқармасының басшысына шағымданған.

"Галиб Кучимов оны тыңдағысы келмеді. Үйге қайтып, күйеуімен татуласуға кеңес берді", – дейді Лайлоның бір туысы.

Дегенмен 16 қазанда Санжар Ахатова әйелін тағы ұрған, ал 20 қазанда қылқындырып өлтірген.

Санжар Ахатов әйелін өлтіргенін мойындады. Қазір ол Худжанд қаласындағы тергеу абақтысында отыр.

XS
SM
MD
LG