Ссылки доступа

Ұлыбританиядағы сайлауда консерваторлар жеңіске жетті


Премьер-министр Борис Джонсон бастаған консерваторлар партиясы Қауымдар палатасына кезектен тыс ұйымдастырылған сайлауда айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Соңғы мәліметтер бойынша, партия Қауымдар палатасындағы 650 орынның 361-не ие болды. Лейбористер бар болғаны 203 мандатқа ие болды. Шотландия ұлттық партиясы 48 мандат алды. Либерал-демократтар партиясы 11 мандатты місе тұтты.

Джонсон партиясы Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы келісімді ратификациялауды көздеп отыр. Осылайша ел 2020 жылы 31 қаңтарда Еуропа Одағынан шығады.

Шотландия ұлттық партиясы болса Шотландияның тәуелсіздігі туралы жаңа референдум өткізуді қалайды.

XS
SM
MD
LG