Ссылки доступа

Өзбекстанда заңсыз митингке үндегендерге жаза күшеюі мүмкін


Өзбекстанда митинг, марш немесе демонстрация өткізу ережесін бұзған адамдарға, сонымен бірге интернет арқылы жаппай акцияға шақырғандарға жаза күшейтілуі мүмкін.

Мұндай бап "Өзбекстан Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі" және "Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексіне толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобаларында қарастырылған.

Онда интернет немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "саналы түрде жалған ақпарат таратқаны үшін" бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Құжатта әлеуметтік желілерде үндеу жасау рұқсат етілмеген митингке шақыруға теңестірілген.

Дереккөз мәліметінше, заң жобасы әзірге құпия құжат болып саналады. Оның авторы - ішкі істер министрлігі. Ол үкіметтің заң жобаларын қоғамдық талқылауға шығаратын сайтында жоқ.

XS
SM
MD
LG