Ссылки доступа

Ширин Айтматова күйеуінің қамалғанына қарамастан саяси күресін тоқтатпайтынын мәлімдеді


"Үміт 2020" саяси қозғалысының жетекшісі, қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қызы Шырын күйеуінің қамауға алынғанын өзінің саяси ісімен байланыстырады.

"Күйеуімнің қамалуы "Үміт 2020" қозғалысының жұмысымен тікелей байланысты. Билік осылай менің ұрыларға қарсы күресімді тоқтатуға әрекет етіп жатыр. Құқық қорғау органдары коррупциямен күресудің орнына бізбен күресіп жатыр. Күйеуімнің қамауға алынуына қарамастан "Үміт 2020" қозғалысы елде әділеттілік орнату мақсатында күресті жалғастыра береді", - деді Айтматова.

19 желтоқсанда Алматы әуежайында ұсталып, Қырғызстанға жеткізілген Сыргак Кенжебаев Бірінші май аудандық сотының шешімімен екі айға қамауға алынған. Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Сыргак Кенжебаев 37 жаста. Ол бұған дейін Қырғызстанның сақтандыру ассоциациясын басқарған. Кейін Инвестицияларды қорғау және дамыту агенттігінің төраға орынбасары болған. Әділет министрлігі мәліметі бойынша, ол бес-алты компанияның директоры болған.

XS
SM
MD
LG