Ссылки доступа

Мирзияев еліне сырттан келетін оппозицияға жол бермейтінін айтты


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев еліне шетелден келетін оппозицияға жол бермейтінін айтты.

Бұл жөнінде ол 27 желтоқсанда Мұхаммад әл-Хорезми атындағы мектепте жастармен кездесу кезінде мәлімдеді.

«Желіде оппозиция жөнінде талқылап жатыр. Ол қандай панда әкелді?» Мен президент ретінде оппозицияға қарсы емеспін, бірақ ол орта өзімізде пайда болып, нан мен суды осында ішіп-жеп, халықтың проблемасын көріп өскен болуы керек», – деді президент.

Бұл Шавкат Мирзияевтің билікке келгелі саяси оппозиция жөніндегі алғашқы мәлімдемесі болды.

Өткен аптада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Өзбекстанда парламент сайлауы салыстырмалы түрде еркін болғанымен, жүйедегі өзгеріс оппозиция орнын толтыра алмады деп мәлімдеді.

Осының алдында Сенат төрағасының бірінші орынбасары Садык Сафаев қолдан құрылған оппозициялық партиядан нәтиже жоқ деген.

XS
SM
MD
LG