Ссылки доступа

"Газпром" Стокгольм сотының шешімімен Украинаға 2,9 млрд доллар төледі


Ресейдің "Газпром" компаниясы Стокгольмдағы Арбитраж сотының шешімімен Украинаның "Нафтогаз" компаниясына 2,9 млрд доллар төлеп берді.

Төлем тараптардың 20 желтоқсанда Минскідегі кездесуде келісім негізінде жүзеге асқан.

"Нафтогаздың" атқарушы директоры Юрий Витренко қаражат компания есепшотына түскенін Фейсбук парақшасына жазды. Енді украин тарапы "Газпромға" қатысты газ транзитіне байланысты басқа талаптарынан бас тартуы тиіс.

2018 жылы ақпан айында Стокгольмдағы Арбитраж соты "Газпромды" "Нафтогаз" компаниясына 4,6 млрд доллар өтемақы төлеуге міндеттеген. Жауап ретінде "Газпром" Украинаға наурыз айы үшін алдын ала төлемді қайтарып, газ құбырындағы қысымды төмендетіп қойған.

XS
SM
MD
LG