Ссылки доступа

Душанбеде "Саховат" базарындағы үш асханада өрт шықты


Столовые на рынке "Саховат" после пожара
Столовые на рынке "Саховат" после пожара

30 желтоқсанда түнде Душанбе қаласындағы "Саховат" базарында үш бірдей асханада өрт шықты.

"Сафо" мен "Сомониён" асханалары өртеніп кетсе, "Навруз" асханасы жартылай бүлінген.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бір сағат бойы алысқан. Базардың 1500 шаршы метрін өрт шарпыған. Асханаға жақын орналасқан бірнеше орын бүлінген.

Өрт себебі әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG