Ссылки доступа

Түркіменстан тұрғындарына мереке құрметіне 5 келі ұннан таратты


Прилавок на продуктовом рынке, Лебапская область Туркменистана
Прилавок на продуктовом рынке, Лебапская область Туркменистана

Түркіменстан тұрғындары Жаңа жыл құрметіне азық-түліктің кейбір түрлерін мемлекеттік бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мұндай жеңілдік жақында Түркіменабад қаласының, сонымен бірге Лебап облысының бірқатар ауданындағы тұрғындарға ұсынылған.

"Жаңа жыл мерекесі жақындаған уақытта Түркіменабад қаласында және бірқатар этрапта 5 литр мақта майы 20 манаттан сатылса, әрбір отбасыға 5 келі ұннан таратылды" дейді Азаттықтың осы өңірдегі тілшісі.

Түркіменстанда мемлекеттік дүкендер жүйесі жұмыс істейді. Мұнда азық-түліктің кейбір түрлері алдын ала белгіленген бағамен сатылады. Тауар шектеулі болғандықтан, оны сатудың қатаң тәртібі қалыптасқан.

Түркіменстанда мемлекеттік дүкендерде бір айда адам басына 5 келі ұннан сатылады.

XS
SM
MD
LG