Ссылки доступа

2019 жылы халықаралық іздеудегі 588 өзбекстандық ұсталған


Биыл 11 айда Өзбекстанның халықаралық іздеуде болған 588 азаматы ұсталған. Қазір тағы 50 өзбекстандықты елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықаралық іздеуде нақты қанша өзбекстандық бары белгісіз.

Бұған дейін Өзбекстан бас прокуратурасының "Ҳуқуқ" газеті халықаралық іздеудегі азаматтардың дені Ресей аумағында және араб елдерінде тығылып жүргенін хабарлаған. Олардың 50 пайызын іздеуге 5 жылдан астам уақыт кетеді.

Ресми дерек бойынша, 2015-2018 жылдар аралығында Өзбекстанның халықаралық іздеудегі азаматтарын экстрадициялауға бюджеттен шамамен 30 млн сум бөлінген.

XS
SM
MD
LG