Ссылки доступа

АҚШ Ирак пен Сирияда Иранға байланысы бар нысандарды атқылады


Құрама Штаттардың 29 желтоқсанда хабарлауынша, Ирак пен Сирияда Иранның қолдауына ие шиіт қарулы топтарының бес нысанына "дәл соққы" жасалды. Пентагон мәлімдемесіне қарағанда, Ирактағы үш нысан және Сириядағы екі нысан атқыланған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ирактағы үш соққыдан 29 желтоқсанда кем дегенде 18 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланған.

АҚШ қорғаныс минстрі Марк Эспердің мәлімдеуінше, F-15 жойғыш ұшақтары "Катаиб Хезболла" тобының қару-жарақ қоймалары мен басқару пунктерін атқылады. Соққы "сәтті өтті" деп бағаланды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның хабарлауынша, әуе соққылары туралы АҚШ президенті Дональд Трамп біледі. "Біз Иран Ислам Республикасының америкалық азаматтарға қауіп төндіруіне жол бермейміз" деп мәлімдеді Помпео.

XS
SM
MD
LG