Ссылки доступа

Қытайда эмбрион ДНҚ-сын өзгерткен ғалымды үш жылға соттады


Хэ Цзянькуй
Хэ Цзянькуй

Қытайда сот адам ұрығы геномын заңсыз өзгерткен ғалым Хэ Цзянькуйды үш жылға соттап, оған 3 миллион юань (шамамен 430 мың доллар) айыппұл салды.

Өткен жылы қараша айында Хэ Цзянькуй гені өзгертілген екі егіз қыздың дүниеге келуіне көмекстескенін мәлімдеген. Ғалым оларды болашақта ВИЧ инфекциясынан қорғау үшін адам геномын өзгерткен. Оның зерттеуі туралы ғылыми мақала немесе оның әдісін растайтын тәуелсіз дереккөз әлі жоқ.

Желтоқсан айының басында MIT Technology Review журналы тәжірибе нәтижелері туралы ғалым мақаласының шағын нұсқасын жариялады. Сыншылар биолог өзгерткен гендерден жоспардағы нәтиже шықпауы мүмкін екенін ескертті.

Одан соң денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссия ғалым Хэ Цзянькуй тәжірибелерінің қаншалықты заңды екенін тексерген. 100-Ден астам қытай ғалымы ДНҚ-тан қажетті генді тауып, оны алып тастауға немесе дұрыстауға талпыну - өте қауіпті әрі биомедицина қауымдастығының беделі мен дамуына нұқсан келтіретінін айтты.

2019 жылы қаңтарда Қытай билігі Хэ Цзянькуй тәжірибесін заңсыз деп таныды. Тергеу нәтижесі бойынша, ғалым этика жөніндегі комиссия сертификатын қолдан жасаған.

Қытайда эмбрион гендерімен жұмыс жасауға тікелей тыйым жоқ. Дегенмен елде этика ережелері ғалымдарға мұндай зерттеу жүргізуге рұқсат бермейді.

XS
SM
MD
LG