Ссылки доступа

Өзбекстанда мектеп оқушысы мұғалімі екінші қабаттан итеріп жіберді дейді (видео)


Сухроб Каршибоев

Самарқанд облысы, Иштихан ауданы, №3 мектептің 10-сынып оқушысы Сухроб Каршибоев мектеп директорының орынбасары Адхам Рузиев шартылдақ жарылғаны үшін ұрып-соғып, ғимараттың екінші қабатынан итеріп жіберді дейді.

Оқиға Жаңа жыл алдына болған.

– Мұғалім ұлымды класқа шақырып, сонда ұрған. Ұлым терезеден өзі құлайтын жағдайда емес. Маған звондап, балаңыз құлап қалды деді. Мен барсам, денесі жараланған, қолы сынған, миына зақым келген. Дәрігерлер қазір ұлыма қозғалуға болмайды дейді. Мұғалімнің ұлымды ұратындай қандай құқығы бар?, – дейді 17 жастағы Сухроб Каршибоевтың анасы Ёкутой Умрзокова.

Сухроб Каршибоев шартылдақты жарған өзі емес екенін, жарылған заттың дауысын естіп класқа кіргенде, мектеп директорының орынбасары оны ұстап алып, бас салып ұрғанын айтады. Ол терезе жаққа қашқанда, мұғалім итеріп жіберді дейді.

Куәгерлердің сөздерінше, Сухроб Каршибоев екінші қабаттан бетонға құлап түскен. Ауруханаға мектеп директорының орынбасары Адхам Рузиевтің өзі алып барған.

№3 мектеп директоры Раббан Толлиев оқушының өзі терезеден құлады дейді.

Зардап шеккен оқушының әкесі жергілікті милицияға арызданған. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG