Ссылки доступа

Өзбекстан Тәжікстанмен арадағы шекараны минадан тазартты


Өзбекстан Тәжікстанмен арадағы шекараны минадан тазарту процесін аяқтағанын мәлімдеді.

Екі мемлекет арасындағы шекараны минадан тазарту жұмысы Өзбекстан күштері тарапынан жүзеге асқан. Бұл жөнінде Asia-Plus басылымына Тәжікстан үкіметінің өкілі айтқан.

2018 жылдың наурыз айында Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға сапары барысында 2019 жылдың соңына дейін шекараны минадан тазарту жұмыстарын аяқтау жөнінде келісімге келген.

Өзбекстан өткен ғасырдың 90-жылдардың аяғында Тәжікстанмен таулы шекараны миналап тастаған. Оның себебін "Өзбекстандағы ислам қозғалысы" содырларынан сақтану деп түсіндірген.

Ресми Душанбе мәліметі бойынша, соңғы 20 жылда минадан 800 тәжік азаматы зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG