Ссылки доступа

Түркіменстандағы америкалықтарға сақ болуын ескерткен


АҚШ-тың Ашғабадтағы елшілігі 4 қаңтарда америкалық азаматтарға сақ болуын ескертті.

Америкалық елшіліктің мұндай мәлімдемесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты жасалып отыр. Бұған иран генералы Касем Сулейманиді америкалықтардың атып өлтіруі себеп болды. Иран АҚШ-қа генерал қазасы үшін кек алуға уәде берді.

Сенбі күні Ақ үй Таяу Шығысқа шамамен 3 мың сарбаз жіберетінін жариялады. Әскер Кувейтке орналастырылады.

Иран генерал-майоры Касем Сулейманидің қазасы 3 қаңтарда түнде белгілі болды. Оны Бағдад халықаралық әуежайына жақын маңда атып өлтірді. АҚШ арнайы операциясы президент Дональд Трамптың бұйрығымен ұйымдастырылған.

XS
SM
MD
LG