Ссылки доступа

Трамп АҚШ-тан әскерін шығаруды талап еткен Иракты санкциялармен қорқытты


АҚШ президенті Дональд Трамп Иракты ауыр санкциялармен қорқытты. Бұның алдында Бағдад Вашингтоннан елдегі әскерін алып кетуін талап еткен.

"Бағдадқа салынатын санкциялардың қасында иран санкциялары ойнамай қалады", деп мәлімдеді АҚШ президенті дүйсенбіге қараған түні.

Оның айтуынша, америкалық әскер Ирак аумағынан шықпайды, әуелі Бағдад АҚШ тұрғызған әуе базасының құнын төлеуі тиіс. "Оған миллиардтаған доллар жұмсалды. Оны төлемейінше, біз кетпейміз", - деді Трамп.

Бұның алдында Ирак парламенті шұғыл жиналыста шетел әскерін ел аумағынан шығару туралы қарар қабылдаған. Мұндай шешімге 3 қаңтарда Бағдад әуежайында иран генералы Касем Сулейманидің қазасы себеп болды. Генералдың көзін жоюға қатысты арнайы операция Дональд Трамптың бұйрығымен ұйымдастырылды.

Қазір Иракта АҚШ-тың 5 мың сарбазы бар.

Иран генерал қазасы үшін Вашингтоннан кек қайтаруға уәде берді. Құрама Штаттар аймаққа қосымша әскер жіберді.

XS
SM
MD
LG