Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал шықты


Өзбекстандық шекарашылар қырғыз азаматтарының 520 бас малын қайтарып берді. Екі елдің шекара қызметтерінің өкілдері жолығып, жанжал басылғанын, аймақта жағдай тұрақты екенін мәлімдеді Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі.

6 қаңтарда қырғыз азаматтары мен Өзбекстан шекарашылары ортасында жанжал шыққан. Жағдай ушығып, өзбек әскерлері ескерту ретінде көкке оқ атқан. Одан ешкім зардап шекпеді.

Оқиға Ала-Бука ауданының Көк-Таш ауылындағы Ак-Курча деген жерде болған. Қырғызстандықтардың қой-ешкісі екі ел ортасындағы бекітілмеген аймаққа өтіп кеткендіктен, өзбек әскерлері оларды алып қойған. Көрші елдің шекарашылары мен тұрғындар арасында жанжал шыққан.

Өзбек тарабы әзірге ешқандай мәлімет бермеді. Жалал-Абад облысы Ала-Бука ауданы мен Өзбекстанның Наманган облысы шектескен аймақта 19 мың гектардан аса аумақ даулы жер болып есептеледі.

Қазір екі ел тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Екі мемлекет ортасындағы шекараның ұзындығы 1378 шақырымға созылады. Оның 85 проценті ресми белгіленген.

XS
SM
MD
LG