Ақпаратқа қарағанда, күдіктілерді ұстау операциясы қаңтар айының алғашқы күндері Душанбеде, Согди және Хатлон облыстарында жүргізілген. Ұсталғандардың арасында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ауылдық кеңес басшылары бар.
Ұсталғандардың бірінің туысы хабарлағандай, күдіктілердің үйіне тінту жүргізіліп, бірнеше діни кітаптарды тәркілеген.
Әзірге елдің бас прокуратурасы ұсталғандарға қарсы айып тақпады.
Тәжікстанда "Мұсылман ағайындар" қозғалысының қызметіне 2006 жылы тыйым салынған. 2016 жылы бұл ұйымға қатысы бар және жеткіншектерді Сириядағы соғысқа азғырған деген күдікпен өлкенің солтүстігіндегі бес имам ұсталып, бес жылға сотталған.
"Мұсылман ағайындар" — халықаралық діни-саяси ұйым, 1928 жылы Египетте құрылған. Көптеген елдерде террористік ұйым ретінде танылып, оның қызметіне тыйым салынған.