Ссылки доступа

АҚШ Иракқа әскерін көшіретінін ескерткен


АҚШ Ирак үкіметіне әскерін шығаратынын ескерткен. Бұл жөнінде CNN телеканалына америкалық ресми өкіл мәлімдеген.

АҚШ-тың Бағдадтағы ресми өкілі әскердің тек бір жерден екінші орынға көшетіні жөнінде айтады. "Мәселен, біз бүгін кешке Бағдад үстімен тікұшақпен ұшуға дайындалдық. Біз Ирак заңдары аясында жұмыс істедік" деді ол.

Ал осы ортада Reuters АҚШ қолбасшылығымен "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы күресу үшін құрылған коалиция таяу уақытта Ирактан әскерін шығарады деген мәлімет таратты.

Вашингтондағы Пентагон өкілі жоғарыдағы хабарламаның шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Аталған мәтінді оқыған CNN тілшісі хатта қол қойылмағанын атап өтті.

Бірнеше минөт өткеннен кейін БАҚ бұл хаттың жалған екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG