Ссылки доступа

БҰҰ бас хатшысы Таяу Шығыстағы шиеленісті тоқтатуға шақырды


АҚШ-тың әуе шабуылынан Иранның ислам сақшылары корпусының арнайы элиталық бөлімі – "Құдс күштерінің" қолбасшысы генерал Касем Сүлеймани қаза тапқаннан кейін арасы одан сайын ушығып кеткен Вашингтон мен Тегеранды сабырға шақырған әлем елдері лидерлеріне БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш те қосылды.

"Біз қауіпті заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл жүзжылдықта геосаяси шиеленіс шырқау шегіне жетті. Және бұл турбуленттік үдеп бара жатыр" деді Гутерриш 6 қаңтарда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде.

БҰҰ бас хатшысы әлем лидерлерін "шиеленісті тоқтатып, барынша ұстамдылық танытуға, диалогты қалпына келтіріп, халықаралық әріптестікті қайта бастауға" шақырған.

Содан бірнеше сағат бұрын Тегеран көшесіне 3 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығы бойынша Иракта әскери дронның көмегімен өлтірілген генерал Касем Сүлейманимен қоштасуға ондаған мың адам шыққан еді. Олар "Америкаға өлім келсін!" деп атады. 62 жастағы генерал Сүлеймани Тегеранның шетелдегі барлау және әскери операцияларын ұйымдастырумен айналысқан.

Иран Сүлейманидың қазасы үшін кек алатынын және 2015 жылы әлем державаларымен жасасқан ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеген.

Президент Трамп "егер Тегеран Сүлеймани үшін кек алатын болса, онда АҚШ Иран нысандарына, соның ішінде мәдени маңызы барларына да соққы беретінін" айтып, сес көрсеткен.

XS
SM
MD
LG