Ссылки доступа

Қажылыққа барған 80 жастағы өзбек ақсақалын Джидда әуежайында алдап кетті


Кіші қажылыққа барған 80 жастағы өзбекстандық Джидда әуежайында алданып қалды. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"2020 жылы 3 қаңтарда 80 жастағы өзбек азаматы А.Х.-ның қиын жағдайға тап болғаны туралы әлеуметтік желіде хабарланған соң, Өзбекстанның Джиддадағы бас консулдығы ақсақалмен байланыс орнатты. Оған қажетті көмек көрсетілді" делінген министрлік хабарламасында.

Ақсақалдың айтуынша, ол Сауд Арабиясына Умра сапарын ұйымдастыратын адамдармен келіскен. Бірақ 1 қаңтарда Джидда әуежайында оны ешкім күтіп алмаған.

Өзбекстанның бас консулдығы ақсақалды қонақүйге орналастырды. Қазір ол Умра ғұрыптарын жасап жүр.

XS
SM
MD
LG