Ссылки доступа

Түмен облысындағы жол апатынан жеті тәжік мигранты зардап шекті


Ресейдің Түмен облысында автобус пен жүк көлігі соғысып, жол апатынан Тәжікстанның жеті азаматы зардап шекті.

Апат 6 қаңтарда тіркелген. Жүк көлігін жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, автобустағы кем дегенде жеті жолаушы зардап шекті.

Тәжікстаннан Сургут қаласына бара жатқан автобуста 30-дан астам жолаушы болған. Жеті жолаушы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Түмен ауруханасындағы дәрігердің хабарлауынша, 36 жастағы тәжік азаматы жансақтау бөліміне түскен.

Тергеу жүріп жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, өткен жылы Ресей мен басқа да елдерге жарты миллионға жуық тәжік азаматы жұмыс істеуге барған. Соңғы жылдары еңбек мигранттары әуе билеттерін қымбатсынып, Ресейге автобуспен барып жүр.

XS
SM
MD
LG