Ссылки доступа

Өзбекстанда блогер шенеунікпен соттасып жатыр


Әндіжан қаласында әкімшілік істер жөніндегі сот Human.uz порталының жетекшісі, журналист әрі блогер Хуршид Далиевтің Әндіжан әкімшілігінің баспасөз хатшысы Гүлшана Кучкароваға қарсы арызын қарай бастады.

Далиев құқық қорғау органдарына екі ай бұрын арызданған. Сол кезде шенеунік әлеуметтік желіде Далиевтің ар-намысына тиген жазба қалдырған.

Гүлшана Кучкарова жазбасында блогерді "сатқын, арандатушы" деп атап, оны "Хизб ут-Тахрир" партиясына қатысы бар деп айыптаған.

Кучкарова бұл сөздерді ашу-ызадан жазғанын мойындады.

Өзбекстан Жоғарғы соты баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Кучкароваға қарсы екі әкімшілік іс қозғалған. Сот отырысы 8 қаңтарда өтеді.

XS
SM
MD
LG