Ссылки доступа

Ашғабадта әуе компанияның ондаған қызметкерінің отбасы далада қалу қаупі тұр


"Туркменховаёллары" ұлттық әуе компаниясының ондаған қызметкерінің отбасы көшеде қалу қаупі бар.

Жатақхана сүрілсе, ұлттық әуе компанияның 47 қызметкерінің отбасы далада қалмақ.

"Бізге кез келген көмек керек. Біз "Туркменховаеллары" компаниясының жатақханасында тұрамыз. Арамызда ұшқыш, техникалық инженер және басқа да мамандар бар. Отбасымыз қазір қиын жағдайда тұр" деп хат жазған.

Олардың сөздерінше, көшіруді тездету үшін, жұмыстан қуамыз деп қорқытып жатыр. Жатақханадан жылу мен суды қиып тастаған.

Ал әуе компания басшылары болса, жатақхана бөлмедерін өз еркімен босатуды талап етіп жатыр.

Сүрілген аумаққа ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің Ашғабад-сити идеясын жүзеге асырмақ.

Азаттық мәліметінше, құны миллиардтаған доллар болатын жобаға шетелдік компаниялар тартылған.

Бердімұхамедов​ басқарған жылдардан бері Ашғабадта ондаған мың жеке үйлер сүрілді.

XS
SM
MD
LG