Ссылки доступа

Трамп мәдени нысандарды атқылауға қарсы


АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні журналистерге халықаралық құқықтарды сақтайтынын, Иранның мәдени нысандарын атқылаудан бас тартатынын мәлімдеді. Осылайша Трамп бірнеше күн бұрын жасаған мәлімдемесінен бас тартты.

Өткен сенбі күні Трамп АҚШ Иранның 52 ғимаратын нысанаға алып отырғанын, оның ішінде мәдени орындар да бар екенін айтқан. Президент егер Иран АҚШ азаматтарына не мүлкіне соққы жасаса жоғарыдағы ғимараттарды атқылаймыз деп ескерткен.

Сейсенбі күні АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер мен мемлекеттік департамент басшысы Майк Помпео журналистер алдында сөз сөйлеп, Вашингтон "соғыс заңдарын енгізу" тәртібін қатаң сақтайтынын айтқан.

Трамп айналасындағылар мәдени нысандарды қирату әскери қылмыс екенін саналы түрде түсінетінін айтты.

АҚШ президентінің сөздері әлемнің көптеген елінің сынына қалған.

XS
SM
MD
LG