Ссылки доступа

Тәжікстанда баланы сүндетке отырғызу алдында ВИЧ-ке тексеретін болады


Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі балаларды сүндетке отырғызу алдында ВИЧ инфекциясына міндетті тексеру жөнінде тапсырма берді.

«Сүндетке отырғызу алдында міндетті түрде экспресс-тестен өткізу ВИЧ-инфекциясын жұқтырған балаларды анықтауға көмектеседі. Тексеру тегін» деді министрлік өкілі.

Тәжікстанда былтыр балаларды міндетті сүндетке отырғызу бойынша жаппай кампания басталған. Тіптен ол үшін арнайы бөлмелер де ашылған.

Оған дейін балаларды сүндетке отырғызу үй жағдайында жасалып келген.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы жылы Тәжікстанда 130 бөбек ВИЧ инфекциясын жұқтырған. 800-ге тарта бала осы инфекциямен өмір сүреді.

XS
SM
MD
LG