Ссылки доступа

Самарқанда Халық қабылдауының бұрынғы басшысы блогерді "гей" деп атады (видео)


Самарқанд қаласында Халық қабылдауының бұрынғы басшысы Жамшид Умаров сайлау учаскесіне келген блогер Тимур Саттаровты "гей" деп атады.

Умаров блогердің камерасына жармасып, оны сайлау учаскесінен қуып шығуға талпынды. Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, блогер шағымы ішкі істер басқармасына тапсырылған.

30 жастағы Тимур Саттаров – Өзбекстанда парламент сайлауынан хабар таратуға аккредитация алған жергілікті блогердің бірі. 5 қаңтарда ол сайлаудан онлайн-хабар таратты.

Самарқанд қаласындағы №74 сайлау учаскесінде блогер жұмысына шенеуніктердің бірі кедергі келтірген.

"Камераны тарт! Мен саған түсіруге жол бермеймін! Мені түсіндің бе, боқмұрын! Барып, сақалыңды қырып кел" деген ол блогерге.

"Сен түріңе қарап ал! Гейсің ба не? Кет бұл жерден" деп жекіген шенеунік.

Блогер Тимур Саттаров сайлау комиссиясына шағым түсірді.

Самарқанд қаласындағы Халық қабылдауының жетекшісі Шухрат Узаковтың айтуынша, блогер жұмысына кедергі келтірген Жамшид Умаров бұрын аудан прокуроры қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары қалалық Халық қабылдауы жетекшісі болған.

XS
SM
MD
LG