Ссылки доступа

Иранда 176 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады


8 қаңтарда Тегеран әуежайы маңында Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. IRNA агенттігінің жазуынша, ұшақта 167 жолаушы, 9 экипаж мүшесі болған. Ұшақтың "техникалық мәселелерге" байланысты құлағаны айтылады.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Reuters агенттігі ұшақта болған адамдардың бәрі қаза болғанын хабарлады. Ирандық БАҚ бастапқыда ұшақта 180 адам болды деп жазды.

Иранның мемлекеттік Fars агенттігінің жазуынша, Украинаның халықаралық авиалиниясына тиесілі ұшақ Имам Хомеини әуежайынан әуеге көтерілген кезде құлаған. Boeing 737-800 Киевке ұшып шыққан.

Reuters-дің жазуынша, Иранның азаматтық авиация ұйымының ресми өкілі Реза Джафарзаде мемлекеттік арналарға апат орнына құтқарушылар жіберілгенін хабарлаған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі алдын ала толық емес ақпарат бойынша, ұшақта Қазақстан азаматтары болмағанын хабарлады.

AP агенттігінің жазуынша, Boeing 737-800 фюзеляж бөліктері шағын келген, екі моторлы, қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған әуе кемесі. Әлемде жолаушыларды тасымалдау мақсатында осындай мыңдаған ұшақ пайдаланылады.

XS
SM
MD
LG