Ссылки доступа

Қырғызстандағы Құмтөр кенінде бір айдан бері жұмыс тоқтап тұр


Құмтөр кенінде 1 желтоқсанда лай көшкіні жүріп, компания қызметкерлері жоғалды. Содан бері мұнда жұмыс тоқтап тұр.

"Жұмысты жалғастыруға рұқсат әлі берілген жоқ, жұмыс тоқтап тұр" деді компанияның баспасөз хатшысы Марина Гаврилова.

1 желтоқсанда лай көшкіні кезінде екі қызметкер жоғалып кетті. Оларды іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

"Құмтөр" - Қырғызстандағы ең ірі алтын кендерінің бірі. Оны канадалық Centerra Gold Inc компаниясы басқарады.

Кен Ак-Шыйрак тау шатқалында орналасқан.

XS
SM
MD
LG