Ссылки доступа

Элис Уэллс: Иран әрекеті Тәжікстан тұрақтылығына қауіп төндіреді


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллстің айтуынша, Иран әрекеті Тәжікстан тұрақтылығына қауіп төндіреді.

Бұл туралы дипломат 7 қаңтарда Душанбеде журналистермен кездесуде мәлімдеді.

"Иран туғызған хаос пен тәртіпсіздік Тәжікстан тұрақтылығына қауіп төндіреді. АҚШ Иран әрекетіне кедергі келтіруге талпынады" деді ол.

3 қаңтарда түнде АҚШ Бағдадтағы әуежай маңында иран генералы Касем Сулейманиді жарып жіберді. Иран 8 қаңтарға қараған түні АҚШ әскерінің Ирактағы бекінісін атқылады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс 6-7 қаңтарда Душанбеде болды.

XS
SM
MD
LG