Бұл аптада осындай мазмұндағы жиындар Түркіменабад қаласында, сонымен бірге Чардж және Дарганат этраптарында өткен. Бұл туралы Азатлық радиосының осы өңірдегі тілшісі хабарлады.
Кездесулер мектептерде және мәдениет үйлерінде ұйымдастырылған. Оған негізінен бюджет қызметкерлері мен жоғары сынып оқушылары шақыртылады.
Жиында америкалық Netflix кинокомпаниясы түсірген "6 Underground" фильмі сөз болған. Түркімен билігінің өкілдері жиналыстарда Американы "Түркіменстанның жауы" деп атаған.
13 желтоқсанда жарыққа шыққан бұл триллерде қазіргі Түркіменстанға ұқсас сюжет көрсетілді. Ойдан құрастырылған бұл ел фильмде Тургистан деп аталды. Ол қатаң диктатор билігіндегі мемлекет деп сипатталды.