Ссылки доступа

Орал тұрғыны Назарбаев отбасын тиіспеу мәртебесінен айыруды талап етті


7 қаңтарда белсенді Бекболат Өтебаев Орал қаласының орталығындағы Сырым Датов алаңында акция өткізді. Ол алаңға "Әлеуметтік әділеттік талап етемін" деп жазылған плакат ұстап шықты. Белсенді Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отбасын тиспеу мәртебесінен айыруды талап етті.

"Мен Назарбаев жариялаған, бірақ орындамаған 2020 бағдарламасына қарсылығымды білдіруге шықтым. Мен Назарбаев отбасын тиіспеу мәртебесінен айырып, әлеуметтік араздық үшін қылмыстық жазаға тартылуын сұраймын" деді белсенді. Өтебаевтың пікірінше, Назарбаев халықты "30 жыл бойы алдап келді".

Бір адамның акциясы өтіп жатқан алаңға Орал әкімшілігі ішкі істер бөлімінің қызметкері барып, белсендіге митинг пен наразылық акциясын өткізу ережесін хабарлаған.

Өтебаев халықты өзі бастаған акцияны қолдауға шақырды. Ол үшін автокөлікке ақ лента тағып алу жеткілікті дейді белсенді.

Бекболат Өтебаев "Әлеуметтік әділдік" талап етіп, шамамен бір ай бұрын жалғыз өзі наразылық акциясын өткізген.

XS
SM
MD
LG